Ақтөбелік кәсіпкерлер медициналық масканы тегін таратты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде кәсіпкерлер 3 мың масканы тегін таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрылысшылар Одағының облыстық филиалы, қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығы, газ қауымдастығы бірігіп, қаржы жинап, 3 мың дана маска тіктірді.

«Қаладағы кәсіпкерлер «Біз біргеміз» акциясын қолдады. Тапсырысты көпбалалы аналарға беріп, олардың да табыс табуына септігімізді тигіздік. Тігіншілер мақта матадан дайындап берді. Бұл жұмыстарға 750 мың теңге жұмсалды. Кейін қаладағы адам көп шоғырланған 7 орында таратылды. Базарлар мен гипермаркет жанында адамдарға маска кию, оны қолдану, тазалық сақтау тәртібі түсіндірілді. Шынын айтқанда, адамдар әлі бейқам жүр. Кейбірі сенбейді, селсоқ қарайды. Біз қазір өзімізді сақтап, елімізді қорғай аламыз», - деді Ақтөбе қаласындағы қонақ үй-мейрамхана бизнесі қауымдастығының тқрағасы Бану Тілегенова. Оның айтуынша, бетперде тапшы деп бос отыру дұрыс емес. Кез келген адам мақта мата алып, өзіне қажетті қорғаныс құралын тіге алады.

«Далада жалғыз жүрсеңіз маска кию міндетті емес, ал адам көп жиналатын базар, дүкендерде міндетті түрде киген абзал. Біз сақтық шарасы үшін адамдарға жиі көмектесетін «Жас Отан» жастар қанатына 200 дана маска бердік. Ақтөбелік кәсіпкерлер бізді қолдады», - деді Б.Тілегенова.


Соңғы жаңалықтар