Ақтөбелік кәсіпкер тағы бір челлендж бастады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Мейрамхана, дәмханалар енді дәрігерлердің шай дастарқанын дайындап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі инфекциялық аурухана дәрігерлерін қолдау мақсатында «Атамекен» мейрамхана кешені жаңа челлендж бастап, торт пен тоқаш, тәтті тағамдар дайындап берді. Асқар мен Қалауша Садықовтар өздері дайындаған тағамды екі емдеу мекемесіндегі дәрігерлерге ұсынды.

«Төтенше жағдай кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды анықтап, емдеп жүрген ақ халаттылар да біздің қолдауымызды сезінуі тиіс. Біз осы арқылы күн сайын өз алғысымызды білдіргіміз келді. Әрі бастаманы өзге мейрамханаға ұсынамыз. Тамақтану орындары уақытша тоқтап тұрса да біз қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді кәсіпкер Қалауша Садықова.


Соңғы жаңалықтар