+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ақтөбелік дәрігерлер жол апатында аман қалған 1 жасар баланың денсаулығы туралы айтты

2021 жылғы 10 маусым 03:28
Бөлісіңіз:
Ақтөбелік дәрігерлер жол апатында аман қалған 1 жасар баланың денсаулығы туралы айтты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, үш адам қаза тапты. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсіп, дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда тұрғыны Ақмола облысында болған жол апатынан көз жұмды Ауыл әкімдерін сайлау – халық қалауы - Алтай Тайжанов Ақтөбе облысының тұрғындары 74 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр

Жексенбі күні Ақтөбе К.Нокин даңғылы мен Шернияз көшесінің қиылысында екі көлік соқтығысып, үш адам мерт болды. Бүгін дәрігерлер сол жол-көлік апаты кезінде аман қалған жолаушылардың жағдайын айтты.

«1 жасар бала бас-ми жарақатын алған. Сонымен бірге сол жақ өкпесі жараланды. Сол жақ беті, құлағында да жарақат бар. Баланың жағдайы тұрақты. Қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Сонымен бірге 1959 жылы туған әйел де жабық бас-ми жарақатын алған. Қабырғалары сынып, сол жақ өкпесі зақымданды. 1-2 дәрежегі трваматикалық шок алған. Оның жағдайы ауыр», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Сонымен бірге 1997 жылы туған әйел де түрлі дене жарақатымен жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT