Ақтөбелік әйел пойыз астына түсіп, екі аяғынан айырылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Шалқар станциясында 33 жастағы әйел пойыз астында қалды. Науқас аудандық ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 тамыз күні сағат 09:20-да науқасты алып келді. 33 жастағы насқастың екі аяғы жоқ. Шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, санавиация дәрігерлерімен кеңес өткізілді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты ауыр», - деді Шалқар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрия Айдынқызы.

Соңғы жаңалықтар