Ақтөбегі халықаралық әуежайда «Ashyq» қосымшасы іске қосылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайға «Ashyq» қосымшасы енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ә. Молдағұлова атындағы Ақтөбе әуежайына тек «Ashyq» қосымшасы арқылу кіруге болады. Әзірге ол тестілік режимінде жұмыс істейді.

ҚР Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, әуежай бір аптадан кейін жобаның толыққанды қатысушысы болады. Терминалға кіру тек «жасыл» немесе «көк» мәртебесі бар адамдарға рұқсат етіледі. «Қызыл» мәртебесі анықталған адамдар үшін арнайы бөлме қарастырылған. Нысанда дәрігер жұмыс істейді.


«Әуежай терминалдарының кіреберістерінде QR-коды бар тақтайшалар орнатылды. Әрбір келуші оны сканерлеп, тексерушіге ұсынуы керек. Бағдарлама өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл мәртебеге бөлінеді. Біз әуежай әкімшілігімен бірге толық түсіндіру жұмыстарын жүргіздік және алгоритмдерді пысықтауға көмектестік. Кезек болмас үшін «Ashyq» қосымшасын алдын ала жүктеп алуға кеңес береміз», - деді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Руслан Куйшинов.


Соңғы жаңалықтар