+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Ақтөбедегі террористердің 7-еуі өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2016 жылғы 28 қараша 16:36
Бөлісіңіз:
Ақтөбедегі террористердің 7-еуі өмір бойына бас бостандығынан айырылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ағымдағы жылдың 5 маусымында орын алған теракт бойынша айыптыларға үкім шығарылды.

Сот 7 адамды өмір бойы бас бостандығынан айырып, оларды ерекше режимде жазасын өтеу туралы жазаға кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тағы екі негізгі айыпталушы Жұбанов Айдос пен Абдрахманов Азаматтың жазасын 22 және 20 жылға ерекше режимде өтеуге кесті.

Қолға түскен 29 күдіктінің ішінде 9-ы басты айыпталушылар болатын. Оларға бірқатар қылмыстар бойынша, соның ішінде теракт жасады деген айып тағылып отыр. Айта кетерлігі, бұған дейін мемлекеттік айыптаушылар Жұбанов Айдосқа 25 жыл және Абдрахманов Азаматқа 22 жыл, ал қалған жетеуі Бақыт Қуанышбаев, Асхат Иманғалиев, Садихов Ануар, Әлібек Ақпанбетов, Асхат Рахметов, Жаңабай Қуанышбаев, Арсен Таңатаровтарға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Сот олардың 7-еуіне өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Қылмыскерлердің мүліктері тәркіленіп, жазасын ерекше режимде өтейтін болады.

Қалған 18-не қылмыс туралы құзырлы органдарға хабарламау (ҚР ҚК 434 бабы), 2-еуіне қылмысты жасыру әрекеттері (ҚР ҚК 432 бабы) бойынша айып тағылуда.

Сонымен қатар, Ақтөбеде 2016 жылдың 5 маусымы күні болған террористік актіге қатысқан Абдрахманов пен өзге де азаматтардың қылмыстық істері бойынша, сот 21 қараша күні айыпталушылардың соңғы сөздерін естіген еді. Бірқатар қылмыстар жасаған, соның ішінде террористік акт ұйымдастырды деп сотталғандар мен айып тағылған азаматтар істеген әрекеттеріне өкінетіндерін айтып, сот өкілдеріне өмір бойына қамауға алу туралы үкім шығармау жөнінде өтініш жасап, отбасылары мен балаларына қайтқылары келетіндіктерін айтқан. Сотталған А.Ж.Жұбанов пен А.А.Абдрахманов (террорлық актінің қатысушылары) та сот қызметкерлерінен қатаң үкім шығармауды сұрады. Қылмыс туралы құзырлы органдарға хабар бермегені және қылмысты жасырғаны үшін сотталғандар (Гацаевтан басқасы) сотта істеген әрекеттерін мойындап, соттан бас бостандығынан айыру жазасын қолданбауды сұрады. Р.М.Гацаев болса сот өкілдерінен өзін ақтап шығуды сұрады.

Айта кетейік, Ақтөбеде теракт 5 маусым күні болды. Террористердің тобы «Паллада» және «Пантера» атты қару-жарақ дүкендері мен №6655 әскери бөліміне қарақшылық шабуыл жасап, соның салдарынан 8 адам мерт болды. Олардың 3-уі әскери қызметкерлер.

Терроризмге қарсы бағытталған операция барысында 18 адамның көзі жойылып, 9 адам құрықталды.

Индира Кереева

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT