+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Ақтөбедегі теракт кезінде қайтыс болған әскерилердің туысқандары марқұмдар туралы естеліктерімен бөлісті

2017 жылғы 10 қаңтар 18:32
Бөлісіңіз:
Ақтөбедегі теракт кезінде қайтыс болған әскерилердің туысқандары марқұмдар туралы естеліктерімен бөлісті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде маусымдағы теракт кезінде қарулы топпен қақтығыста қайтыс болған әскерилердің құрметіне №6655 әскери бөлімінде ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Әскери бөлімде өткен салтанатты жиынға теракт кезінде қаза болған майор Даниэл Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев пен қатардағы жауынгер Досбол Сапардың ата-ана, бауырлары, балалары да қатысты. Олар жақындары туралы естеліктерімен бөлісті.

«Даниэль бала кезінен әскери болуды армандады. Өте бауырмал еді. Ата-анасы, бауырлары, жақындарына үнемі жаны ашып тұратын. Отбасын қатты жақсы көрді. Ағамның сол күнгі әрекетін мен ерлікке балаймын. Ол антына берік екенін дәлелдеді», - дейді марқұм Даниэль Майлыбаевтың інісі Аян Майлыбаев.

Ал тұла бойы тұңғышынан қапыда көз жазып қалған Еркінбек Әбдіқадыров ұлы Досболдың бақилық болғанына әлі сенер емес. Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын анасымен телефон арқылы тілдесіп, жағдайының жақсы екенін, әскери өмірге үйренгенін айтыпты.

«Төртінші маусым күні мамасымен сөйлесіпті. Тіпті, алаңдамаушы едім. Өйткені, бұған дейін әскери ант қабылдағанда келіп, әскери бөлімді көрдік ғой. Жағдайымен таныспыз. Сондықтан, алаңсыз болдық. Жайсыз хабарды естірткенде де, сенбедік, есеңгіреп қалдық. Тағдырдың салғанына амал бар ма? Әлі күнге сене алмаймын. Қазір бір солдат көрсем, тура баламды көргендей болам. Сол жері адамға қатты батады. Көз алдымнан кетпейді. Амал жоқ енді. Қайтемін, елі үшін туған бала екен...» -дейді қатардағы жауынгер Досбол Сапардың әкесі Еркінбек Әбдіқадыров.

Тоғызыншы сыныпта оқитын Гүлайна Еренова әкесі Берікжан Қалиевті батыр санайды. Мақтан тұтады. Кіші сержант Берікжан Қалиев сол күні кезекшілікте болған.

«Әкем - мен үшін нағыз батыр. Мейірімді адам. Әскери адам болғасын ба, тәртіпті өте жақсы көретін. Бізді де соған үйретті. Үнемі бағыт-бағдар беріп отыратын»,- деп еске алды әкесін Гүлайна Еренова.

Айта кетсек, осыған дейін подполковник Даниэль Майлыбаев пен кіші сержант Берікжан Қалиевтің «Қазақстан Республикасының Құқықтық тәртіп әскеріне - 25 жыл» кеуде белгісімен марапатталғанын хабарлаған болатынбыз. Марапатты Даниэлдің ағасы Аян Ақарысұлы және Берікжанның анасы Гүлжан Төленқызы қабылдап алды.

Еске сала кетейік, өткен жылдың маусым айында қаруланған 18 адам Ақтөбедегі №6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған еді. Қақтығыс кезінде 3 әскери қызметкер қаза болып, алтауы жарақаттанды.

Зада Зейін

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT