Ақтөбедегі тарихи-өлкетану музейінде Тәуелсіздік күніне арналған көрме ашылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі облыстық музейде «Тәуелсіздік — ел тілегі, Елбасы — ел тірегі» атты көрме ашылды. Онда 30 жылдағы зерттеу жұмысының табысы мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірге сапарынан фото қойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1991-1999 жылдары аралығында облыста 206 мәдени нысан болса, қазіргі олардың саны 480-ге жетті. Ал 2007-2010 жылдар аралығында 20 клуб пен мәдениет үйі ашылды. Үш мемориалдық кешен салынып, облыстық тарихи-өлкентау музейі қолданысқа берілді. Ал 2017 жылы Өнер орталығы салынып, әнші Димаш Құдайбергеннің қатысуымен «Baqytty bala» байқауы өткізіліп келеді. Сонымен бірге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тарихи ескерткіштер қалпына келтіріліп жатыр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік — ел тілегі, Елбасы — ел тірегі» атты мерекелік кеште облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова әлеуемттік саладағы көрсеткіштерге тоқталды.

«Әлеуметтік салада жеткен жетістік көп. 160-тан астам мектеп салынып, облыс тұрғындарының 97% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Қазір тұрғындардың 90% астамы көгілдір отынның қызығын көріп отыр. Мәдениет, әдебиет саласында да бірқатар іс тындырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи ескерткіштер зерттелді. Биыл Шәмші Қалдаяқов, Төлеген Айбергеновке ескерткіш орнатылды. Жыл соңына дейін Ұлт азаттық жолында елдің еркіндігі, егемендігі үшін күрескен қайраткерлерге ескерткіш ашу жоспарда бар», - деді Бұлбұл Елеусінова.

Кейін мәдениет саласының бір топ қызметкері облыстың мәдениет және өнер саласының өркендеуі жолында елеулі үлесі және белсенді қызметі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен,«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады. Өлкетанушы, «Құрмет» орденінің иегері Бекарыстан Мырзабай да мерекелік лебізін білдірді.


Соңғы жаңалықтар