Ақтөбедегі спорт сарайы УЕФА талабына сай емес

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Футзалдан «Ақтөбе» командасы чемпиондар лигасындағы ойыны Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы «Қоныс» спорт сарайы УЕФА талабына сай емес. Сондықтан Чемпиондар лигасының 1/8 финалында словениялық «Добовецті» қабылдайтын «ақ-қызылдар» өз матчын Алматы қаласында өткізетін болды. «Ойын 18 ақпан күні сағат 16:00-де «Нұр-Аман» спорт кешенінде өткізіледі деп жоспарланды. Еліміздегі эпидимиологиялық жағдайларға байланысты ойын жанкүйерсіз өтеді. Қазіргі таңда «Қазспорт» телеарнасымен тікелей көрсетілім бойынша келіссөздер жүріп жатқанын хабарлаймыз. Ойынның тікелей эфирден көрсетлуі әбден мүмкін», - деп хабарлады «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар