Ақтөбедегі әуежай қайта жөнделеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейлік АЕОН корпорациясы Ақтөбе қаласындағы әуежайды қайта жөндеуден өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жаңа ғана «Қазақ Инвестпен» Ақтөбе қаласындағы әуежайды кешенді түрде қайта жөндеу бойынша жобаны іске асыру үшін келісімге қол қойдық. Ол жоба бойынша ұшу-қону жолағы қайта жөнделіп, жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүргізіледі», - деді АЕОН корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Роман Троценко АЭФ аясында жаһандық инвестиция тақырыбында өткен сессияның қорытынды брифингінде.

Оның айтуынша, компания қазіргі таңда Ресей аумағындағы 23 млн жолаушыға қызмет көрсететін 16 әуежайға ие болып отыр.

«Біз орташа әуежайларды дамытуға, жаңа қызмет түрлерін табуға бейімделген компаниямыз. Ақтөбе - біз үшін қызықты нүктелердің бірі. Ол облыста белсенді экономикалық жобалар жүзеге асырылып, қуаты тың өндірістік жобалар іске асырылуда. Ақтөбенің жаңа әуежайы жолаушылар тасымалын арттыруға септігін тигізер деген сенімдеміз», - дейді Роман Троценко.

Айта кетсек, АЭФ-тің бүгінгі сессиясының қорытынды брифингінде біршама инвестициялық келісімдерге қол қойылады. Атап айтқанда, тың меморандумдарға сәйкес, ресейлік компания Түркістанда 500 гектарлық жылыжай салуды көздесе, түркиялық «Yildirim Holding» компаниясы Жамбыл облысында кальций қосылған сода зауытын тұрғызбақ.

Соңғы жаңалықтар