Ақтөбеде жылжымалы вакцинациялау пункттері түнде де жұмыс істейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында 4 жылжымалы вакцинациялау пункті түнде де жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде вакцинациялау жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде өңірде қазақстандық вакцинаның 2 мың дозасы жеткізіліп, Ұлттық ұлан сарбаздарына берілді.

«1-3 мамыр күндері аралығында сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін вакцинациялау жұмысы жүргізіледі. Жылжымалы медициналық кешендер ҚР Тұңғыш Президент атындағы саябақ, Орталық стадион алдындағы алаң және «Анвар», «Дина» гипермаркеттерінің алдында болады. Сонымен бірге 1-3 мамыр күндері аралығында сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін қаланың барлық емханасында вакциналау жүргізіледі», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров. Барлық екпе пунктінде ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынады.


Соңғы жаңалықтар