USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақтөбеде жүргізуші әйел аялдаманы қиратып кетті

2021 жылғы 3 желтоқсан 12:35
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жүргізуші әйел аялдаманы қиратып кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 25 жастағы жүргізуші жол ережесін бұзып, аялдама павильонына барып соқтығысты. Салдарынан өзі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік-Қытай теңізінде F-35 жойғыш ұшағы апатты жағдайда қонды Энергожүйедегі апат: Алматы ауруханаларында жарық сөнген жоқ Германия университетінде студент қарудан оқ жаудыра бастаған

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «BMW» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы №7 клиника-диагностикалық орталық алдында тұрған аялдама павильонына барып соқтығысты.

«Жүргізуші Ақтөбе әуежайынан шығып, жолда №7 КДО маңында жол-қозғалысы ережесін бұзған. Ол жол белгісін сындырып, автобус аялдамасын қиратып кеткен. Салдарынан өзі Жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде қан сынамасы алынып, тексеруге жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Абырой болғанда жол апаты кезінде аялдамада ешкім болмаған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Самара-Шымкент тасжолында үш көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түскен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT