Ақтөбеде жолды кесіп өтпек болған әйел мерт болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе – Богословка тасжолын кесіп өтпек болған екі ақтөбелікті көлік қағып кетті. Біреуі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе-Богословка тасжолында «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі екі әйелді қағып кетті.

Жаяу жүргіншілердің бірі оқиға орнында көз жұмды, бірі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 164 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Барлығы 11 адам көз жұмып, 158 адам жарақат алды.

«Полиция үнемі алдын алу жұмысын жүргізеді. 10 ай ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаяу жүргіншілерге 170 әкімшілік хаттама толтырылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сонымен бірге жүргіншілерге жол бермеген 21 жүргізушіге қатысты да әкімшілік іс қозғалған.


Соңғы жаңалықтар