Ақтөбеде жолды кесіп өтпек болған әйел көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған 39 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Лада» автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Өтеген Сейітов көшесінің бойында 39 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші сол жерде көз жұмды.

«Ол 10 метр қашықтықта тұрған арнайы жүргіншілер жолағына жетпей жолды кесіп өтіп, қарсы бетке өтпек болған. Қазіргі кезде тергеу басталды. Жолдағы көлік бір сәтте тоқтай алмайды. Сондықтан жолды жүгіріп өту жаяу жүргіншілер үшін аса қауіпті екенін еске саламыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 164 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 11 адам көз жұмып, 158-і жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар