Ақтөбеде жолда қалған Тәжікстан азаматтары құтқарылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Самара–Шымкент» тасжолында көлігі бұзылып, қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 ақпан күні облыстық төтенше жағдайлар қызметіне Ақтөбенің Хромтау қаласынан 20 шақырым жерде «Skoda octavia» және «Lada Largus» автокөліктері қар құрсауында қалғаны туралы ақпарат түсті. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 4 адам, 1 автокөлік оқиға орнына жіберілді.

«9 Тәжікстан азаматы құтқарылып, «Шерхан» кемпингіне жеткізілді. Сонымен қатар, 19 ақпан күні таңда «Самара-Шымкент» тасжолының Ырғыз ауданы маңында «Honda Illusion» көлігі бұзылып, жолда қалғаны туралы ақпарат түсті. Мұнда да 7 Тәжікстан азаматы құтқарылып, «Тұлпар» кемпингіне жеткізілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар