10:02, 05 Қараша 2019 | GMT +6
Ақтөбеде жолда қалған автобуста 63 жастағы жолаушы көз жұмды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері Тәжікстан азаматының денесін Қарабұтақ медициналық-құтқару бекетіне жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«5 қараша күні сағат 06:40-та полиция қызметкерлері Тәжікстан азаматын медициналық-құтқару бекетіне жеткізді. 63 жастағы Хучамурод Баеновтың өлім себебі анықталып жатыр. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі анықталмады. Ол Ресейден Тәжікстанға бағыт алған автобус ішінде болған. Автобус іші жылы, үсіп кетуі мүмкін емес», -деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Автобус Ырғыз ауданы маңында жолдың ашылуын күтіп тұрды.
Айта кетейік, кеше Самара -Шымкент тасжолында жүздеген көлік тұрып қалды. ТЖД құтқару жұмыстарын жүргізіп, кеше кешке жеңіл көліктің жүруіне рұқсат берді.