Ақтөбеде жол-көлік апатынан 3 адам көз жұмды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде бірнеше жол-көлік апаты болып, жүргізуші мен жолаушылар көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің Мәртөк ауданы, Березовка ауылынан 2 шақырым жерде «Лада-212140» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалды. Көлік ауданылып, 39 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 41 жастағы жолаушы жедел жәрдем ауруханасында мерт болды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханада ем қабылдап жатыр. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды.

«Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Сонымен бірге, «Самара-Шымкент» тасжолының Хромтау ауданы, Дон ауылының маңында тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді «Шевролет-Круз» автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбеден Қызылорданың Арал қаласына қарай бағыт алған. Ол да рульге ие бола алмай, қарсы қарсы бағытқа шығып кеткен. Беларусь азаматының айдап келе жатқан «Мерседес-Бенс» маркалы жүк автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «Шевролет-Круз» автокөлігінің жүргізушісі Хромтау қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылып, 30 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар