+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Ақтөбеде жол апаттарынан бір күнде 3 адам көз жұмды

2021 жылғы 3 тамыз 22:21
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде жол апаттарынан бір күнде 3 адам көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде бір күнде екі жол апаты тіркелді. Салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда сегіз айда жол апатынан 133 адам көз жұмған Жамбылда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жолаушы көз жұмды Атырауда көлік апатынан 4 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды

Бірінші оқиға Әйтеке би ауданы, Үшқатты ауылы маңында болды. 25 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, көлік аударылған. Салдарынан 23 жастағы жолаушы сол жерде көз жұмса, жүргізуші мен төрт жолаушы Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді.«Самара-Шымкент» тасжолының Әйтеке би ауданы Қарабұтақ кентінің маңында «Volkswagen-Golf» пен «Daf» көліктері соқтығысты. «Volkswagen-Golf» жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан көліктің 30 жастағы жүргізушісі мен 31 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сол көліктің екі жолаушысы Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.Қазір екі жол-көлік оқиғасына байланысты Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT