Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара-Шымкент халықаралық тасжолында екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы мерт болды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Самара-Шымкент тасжолындағы жол апаты 3- мамыр күні сағат 11:30-да болды. «ВАЗ-2105» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі «Тұлпар» кемпингінің жанында «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысты. Екі жүргізуші де Қызылорда облысының тұрғыны.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен 29 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. ҚР ҚК «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұған дейін Ақтөбе-Орынбор тасжолында да жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар