Ақтөбеде жас келіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде медициналық мекемедегі қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 қазан күні сағат 17:59-да Ақтөбе қаласы Астана аудандық полиция бөліміне медициналық орталықтың УДЗ кабинетінде 20 жастағы келіншектің көз жұмғаны туралы ақпарат түсті. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігімен, яғни, медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы бабымен іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Айдос пен Гүлдана Нұрмағамбетовтер 1 жылдан астам уақыт бұрын отау құрып, балалы болуды армандаған. Гүлдана Нұрмағамбетова 8 ай бойы гинекологиялық ауруларға байланысты жеке клиникада ем қабылдаған. Соңғы емі кезінде дәріні қатты ауырсынып, операция үстелінде көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар