Ақтөбеде вирус жұқтырған науқас карантинде, ешкімге қауіп төніп тұрған жоқ - әкімдік

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ешкімге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғани Жәпішевке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ақпарат таратқанда тек ресми мәліметтерге жүгінген жөн.

«Иә, індет жұқтырған бір адам анықталғаны рас. Бірақ өңірдегі барлық жағдай толық бақылауда. Науқас карантинде. Тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ. Қалған мәліметтерді ертең таңертеңгі брифингте хабарлаймыз», - деп жазды Ғани Өтепбайұлы Facebook парақшасында.

Айта кетейік, ертеңгі брифинг жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00 де өтеді. Облыстық әкімдік парақшасынан бөлек Хабар 24 телеарнасынан да тікелей эфирде көрсетіледі.

«Дүрбелеңге салып, жағдайды ушықтырмаңыздар. Жалған ақпарат таратқан адамдарға жаза қолданылатынын ұмытпайық», - деп ескертеді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда 59 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 24, Қарағандыда – 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелді.


Соңғы жаңалықтар