+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ақтөбеде вакцина салдырған 100 студенттің оқу ақысына жеңілдік жасалады

2021 жылғы 6 тамыз 07:32
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде вакцина салдырған 100 студенттің оқу ақысына жеңілдік жасалады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті 100 студенттің оқу ақысына жеңілдік беріледі. Ұтысқа вакцина салдырған студенттер қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 70 мыңнан астам адам коронавируспен ауырып жатыр Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 61 сырқат көз жұмды 2 909 науқас коронавирустан сауығып кетті

Ақтөбедегі беделді оқу орындарының бірі бүгінде өз студенттері арасында ұтыс ойынын жариялады. Талап бойынша 1 шілде мен 15 тамыз аралығында вакцина салдырып, әлеуметтік желідегі парақшаға аты-жөні, студенттің білім алып жүрген курсы, вакцинациялау паспорты жіберіледі. Ұтыс жеңімпазы 15 тамыздан кейін белгілі болады

«Коронавирус инфекциясының таралу жолдарын кесу, алдын алу үшін вакцинаның маңызы зор. Осыған орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті екпе алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері екпе алу жұмыстарында белсенділік танытып жатыр. Қ.Жұбанов емханасында екпе алу кабинеті үздіксіз жұмыс жасап тұр. Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, профессор-оқытушылар құрамындағы 497 адамның 445-сі, ал 10 мыңнан астам студенттің 4 135-і екпе алды. Университетте Ashyq жүйесі қондырылған. Университет сайтында, әлеуметтік желілерде екпенің маңыздылығы жайында материалдар жарияланды. Университет профессор-оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен видеоролик түсірілді»,- деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша университеттер білім алушылар мен қызметкерлер арасында вакцинацияны қолдауды ынталандыру шараларын әзірлеген.

Сондай-ақ, вакцина салдырған ЖОО студенттері Ыстықкөлге жолдама ұтып алғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT