Ақтөбеде үйлену тойлары мен сауық кеші тоқтамай тұр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде мониторинг топ үйлену тойы мен сауық кешін тоқтатып, шақырылған қонақтарды таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша мониторинг топтар мен жергілікті полиция қызметінен түскен материалдар негізінде 86 миллион теңгеге 854 айыппұл салынды. Оның ішінде карантин шектеуін бұзған қоғамдық тамақтану орындары 31 миллион теңге айыппұл төледі. 16-19 қыркүйек аралығында мониторингтік топтардың рейдтік іс-шаралары барысында 20 карантин режимін бұзу фактісі анықталды.

«Колизей», «Екі Жүрек», «Гранд Холл», «Алаша» мейрамханаларында салтанатты шара, сонымен қатар Green Land демалыс базасында Forty Four түнгі клубының ұйымдастыруымен сауық кеші болып жатқаны анықталды. Жергілікті полиция қызметкерлерімен салтанатты іс-шаралар тоқтатып, таратты. Барлық материал тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілді. Шектеу іс-шараларын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін жалғасады», - деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы мониторинг топ.


Соңғы жаңалықтар