Ақтөбеде үйіне оралмаған бойжеткен жалдамалы пәтерден табылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 17 жастағы ақтөбелік бойжеткенді іздеу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№3 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғыны хабарласты. Ол 2004 жылы туған қызының үйіне оралмағанын айтты. Іздестіру іс-шараларына Ақтөбе қаласы ПБ қызметкерлері, полицияның кешенді күштері және криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Өтініш түскен сәттен бастап іргелес аумақтар, орман алқаптары, қараусыз қалған құрылыс обьектілері тексерілді. Іздестіру шараларының нәтижесінде 17 жастағы қыз табылды. Ол достарымен бірге жалдамалы пәтерде болған.

«Бала үйінен бірінші рет хабарсыз кеткен кезінде ата-ана мұқият болуы керек. Себебі ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Баланың пікірін білген дұрыс. Сонымен қатар, уақытты жоғалтпау үшін дереу полицияға хабарласуы керек. Жоғалған қыздың ата-анасы полицияға түн ортасында хабарласқан. Ал ол уақытқа дейін өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізген», - дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Соңғы жаңалықтар