Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде екі жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілер мен жолаушылар ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 2 желтоқсан күні сағат 10:02-де тіркелді. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі Хромтау қаласынан Ақтөбеге жол тартып, Ақжар ауылы маңында қарама-қарсы келе жатқан «ВАЗ-2107» көлігімен соқтығысады. Іле-шала «Daewoo Nexia» көлігі бағытын өзгертіп, «DAF XF» маркалы жүк көлігімен де соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктердің жүргізушілері және екі жолаушы Хромтау қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Басып озу маневрі кезінде автокөлік жүргізушісі жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірмейтіндігіне назар аударуы қажет. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғал ды», - дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар