Ақтөбеде үш адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде профилактикалық мақсатта ПТР тапсырғандардан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен тәулікте Ақтөбеде 3 адамнан COVID-19 анықталды. Оның біреуінің клиникалық симптомы бар, екеуі симптомсыз. 32 және 44 жастағы екі ер адам да - Ақтөбе қаласының тұрғыны. Олар профилактикалық мақсатта тексерілді. ПТР қорытындысы кезінде COVID-19 диагнозы қойылған.

«33 жастағы ер адам жедел респираторлы вирустық инфекция симптомдарымен дәрігер көмегіне жүгініп, одан сынама алынды. Тексерілген кезде қауіпті індетке шалдыққаны анықталды. Қазіргі таңда үй карантиніне 37 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілді», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, облыста КВИ-мен ауырған 3261 жағдай тіркелді. Оның ішінде 98,4% жазылып шықты.


Соңғы жаңалықтар