Ақтөбеде түн жарымында көше кезген 222 жасөспірім полицияға жеткізілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде полиция қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болуы, сондай-ақ жасөспірімдерге алкоголь мен темекі өнімдерін сатудың алдын алу.

20-23 қаңтар аралығында облыс аумағында өткен «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы кезінде ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақта және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейд жүргізді.

Оның барысында полиция бөліміне кәмелетке толмаған 240 бала, оның ішінде түнгі сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін заңды өкілінсіз жүрге н 222 жасөспірім жеткізілді.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін 21 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ІІО есебіне 28 жасөспірім және 32 қолайсыз отбасы қойылды.


Соңғы жаңалықтар