+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Ақтөбеде төтенше жағдай режімін бұзғандар жазаланды

2020 жылғы 26 наурыз 03:11
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде төтенше жағдай режімін бұзғандар жазаланды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде төтенше жағдай режімін бұзған 24 дерек тіркелді. Бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам коронавирус індетінен емделіп шықты Оңтүстік Суданда коронавирусты жұқтырған алғашқы адам тіркелді Карантинде жатқан ақтөбелік үйіне кетіп қалғаны үшін жазаланды

Ақтөбеде полиция, Ұлттық ұлан сарбаздары мен әскери бөлім қызметкерлері тәртіпті бақылап, төтенше жағдай режімінің сақталуын қадалағалап жүр. Жағдай бірқалыпты, қылмыс саны өспеді. Полиция қауіпсіздік жұмыстары кезінде карантинде қолданылатын блок бекеттерді әзірледі.
«Құқық қорғау саласында еңбек ететін 2 600 қызметкер төтенше жағдай режімінің сақталуын қадағалайды. Барлығы 40 блок бекет дайындалды. Оның 28-і магистральді, өзгесі қарапайым. Қаланың 23 секторға бөлінгені белгілі. Егер карантин жарияланса қажетті шара дер кезінде қолға алынады. Шектеу қойылып, дәрігерлерге көмек береміз. Қазір жолдар ашық», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.
Полиция мен еріктілер төтенше жағдай режімінің сақталуын үздіксіз бақылайды.

Қанат Әлиевтің айтуынша, барлығы 24 дерек тіркелді. Олар ӘҚБтК 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазір облыста жедел штаб жұмыс істеп тұр. Құрамында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

Төтенше жағдай режімін бұзғандар туралы мына телефон нөміріне хабарлауға болады: 936139, 936440, 936339.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT