+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Ақтөбеде төтенше жағдай кезінде көмектескен волонтерлер марапатталды

2020 жылғы 12 мамыр 22:14
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде төтенше жағдай кезінде көмектескен волонтерлер марапатталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық полиция департаменті төтенше жағдай кезінде азаматтық белсенділік танытқан еріктілерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік 4 ерікті азаматтық белсенділігі, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ішкі істер органдарының жұмысына көмек көрсеткені үшін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен бірге Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов 19 волонтерге алғыс хат берді.

«Биыл Еріктілер жылы болып жарияланды. Олардың арқасында біздің елімізде көп жұмыс атқарылуда. Бүгінгі күнге дейін көмекке мұқтаж адамдарға, азаматтарға қол ұшын созды. Қиын уақытта ел үшін атқарған игі істері үшін ризамын. Төтенше жағдай кезінде ғана емес, күнделікті өмірде де көмек көрсетті, біздің қызметкерлерімізбен бірге із-түссіз жоғалған адамдарды іздеуге атсалысып, шын мәнінде біздің еліміздің патриоты екенін дәлелдеді», - дейді Ақтөбе облысының ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Өз кезегінде іздеу еріктілер тобының жетекшісі Екатерина Голотина алғысын айтты.

«Біз әрдайым іздеу және ТЖ кезінде қолдауға дайынбыз. Қолдау білдіріп, бірге жұмыс істеген полиция қызметкерлеріне алғыс айтамыз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT