Ақтөбеде тергеудегілер конституциялық құқығын пайдаланып дауыс берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты КА-168/1 тергеу мекемесіндегі №89 сайлау учаскесінде тергеудегі және сот үкімі заңды күшіне енбеген күдіктілер және айыпталушылар дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлау науқаны кезінде санитарлық талаптардың сақталуы бақылауда болды.

Дауыс беруге арналған ғимарат ішінде дезинфекция жасалып, желдетілді.

Әлеуметтік арақашықтық сақталды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де басталған сайлауда КА-168/1тергеу мекемесіндегі дауыс беруге құқылы 241 азамат өз таңдауын жасап, дауыс берді.

«Сайлау кезінде барлық талап сақталды. Сондай-ақ, сайлау комиссиясының барлық мүшелері алдын ала ПТР тестілеуден өтті. Бұған дейін тергеу изоляторының қызметкерлері күдіктілер мен айыпталушыларға сайлау құқығы және дауыс беру тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берген болатын»,- деп атап өтті Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев.



Соңғы жаңалықтар