Ақтөбеде тағы бір қоқыс полигоны өртеніп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде тағы да қоқыс полигоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы жалғыз қоқыс полигоны тағы өртеніп жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт аумағы 500 шаршы метрді құрап отыр. Оқиға орнына 7 өрт сөндіруші мен 2 техника жіберілді.

«Қазір қоқыс полигонына жауапты мердігер компания жұмысшылары да өрт сөндіру жұмыстарына жұмылдырылды. Бірер күн бұрын жанған аумақтан 300-400 метр қашықтықтан тағы өрт шығып отыр», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 9 мамыр күні өртті сөндіру үшін 800 тонна құм төселіп, 130 тонна су себілді. Жалпы қоқыс полигонындағы қалдықтың тереңдігі 15 метрге жектен.


Соңғы жаңалықтар