+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Ақтөбеде тағы бір қаржылық пирамида тергеуге алынды

2020 жылғы 22 ақпан 00:42
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде тағы бір қаржылық пирамида тергеуге алынды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Гарант 24 ломбард» қаржылық ұйымы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбеде бұған дейін екі қаржылық ұйымның салымшылары сан соғып қалған болатын.

Бүгін тағы бір ұйым - «Гарант 24 ломбард» ЖШС-ға қатысты шу шықты. Ақтөбеліктер ЖШС кеңсесіне барып, ақшаларын қайтара алмай, дал болды.

«Келісімшарт қолымызда. Бас кеңсе Нұр-Сұлтан қаласында деп жазылған. Ақшаны алып, пайыздық үстемеақымен қайтарып беруге уәде етті. Кеше адамдар кесте бойынша салған ақшасының бір бөлігін алуы тиіс еді, бермеген. Бірақ сол кезде де адамдардың өз қаржысын салғанын көрген», - деді тұрғындардың бірі.

Айта кетейік, салымшылар кеңсеге кіргенде полиция шақырылған .

Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Зиядин Күнбасовтың айтуынша, «іздестіру, мәселенің мән-жайын анықтау жұмысы жүріп жатыр, тексеру басталды».



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT