+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Ақтөбеде суда жүзуден ел біріншілігі өтіп жатыр

2021 жылғы 14 сәуір 21:45
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде суда жүзуден ел біріншілігі өтіп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде суда жүзуден ҚР чемпионаты өтіп жатыр. Оған 200-ге жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шайбалы хоккей: Қазақстан мен Беларусь жолдастық кездесуі өтпейтін болды Елордада шағын футболдан ҚР Президентінің суперкубогы өтіп жатыр Бүгін Түркістанда ХІ жазғы универсиада ойындары басталады

Ақтөбеде 14-17 сәуір күндері аралығында жүзуден ҚР чемпионаты өтеді. Біріншілікке еліміздің барлық облысымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Қырғызстан елінің құрама командалары қатысып жатыр. Барлығы 17 команда, 187 спортшы. Оның ішінде 122 ер, 65 әйел. «Додада Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, сонымен бірге Әділбек Мусин, Александр Баракин де бақ сынайды.

«Бұл ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін іріктеу нормативтерін орындау болып табылады. Біріншілікке қатысу үшін Ақтөбе облысынан 20 спортшы іріктелді. Жарыс барлық санитарлық талаптарға сай көрерменсіз, жабық режимде ұйымдастырылды», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметкері Ерлан Мұқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT