Ақтөбеде Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге ескерткіш қойылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге арналған ескерткіш құрылысына «Парыз» қоғамдық қоры қаржы бөлді.

Ескерткіштің дизайнын сызып, архитектурасын үйлестірген - Бақтыгерей Жапар.

«Биыл Семей ардагерлеріне ескерткіш қою сұрағы өз шешімін тапты. Бұл ардагерлер бас қосатын, салтанатты шараларды өткізетін, өмірден озған ардагерлерді еске алатын жерге айналмақ. Негізі 1949 жылдан 1991 жылға дейін Семей ядролық полигонында 11 мыңнан астам ақтөбелік қызметтік міндетін атқарды», - деді «Невада-Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалысының Батыс Қазақстан аймағы филиалының директоры Ізімғали Көбенов.


Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәліметтері сүйенсек, бүгінде облыста Семей ядролық полигонында ядролық сынаққа қатысқан 1800-ден астам адам тұрады.

Оның 268-і мүгедек, 40-ы ядролық сынақтарға қатысушылардың жесірі. Бәрі қажетті әлеуметтік көмек алып отыр.

Техникалық және көмекші сауықтыру құралымен қамтылған, санаторлық-курорттық сауықтыруға жіберіледі.

Ядролық сынаққа қатысқандарға жыл сайын 100 мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар