Ақтөбеде сауықтыру орталығы мен жеке емханалар провизорлық стационарға айналады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде өкпе қабынуы дертіне шалдыққан саны артты. Ертең «Шағала» сауықтыру орталығы провизорлық стационарға айналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Теміржол ауруханасы мен облыстық туберкулез диспансері толса, ертең 200 орынды «Шағала» сауықтыру орталығы қолданысқа беріледі. Сонымен бірге екі жеке емдеу мекемесінің басшысымен келісім жүріп жатыр. Олар да провизорлық стационар болады. Мұнда өкпе қабынуына шалдыққандар ем қабылдайды», - деді облыс әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев.

Еске салсақ, облыста өкпе қабынуынан 47 адам көз жұмды. Қазір 1 мыңнан астам адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Олардың 10-ы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар