Ақтөбеде Сall-орталығы ашылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде тұрғындардың сауалына жедел жауап беретін орталық жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе облыстық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасымен төтенше жағдай кезінде көші-қон заңнама мәселелерін түсіндіру үшін Сall-орталығы ашылды. Барлық сұрақтар бойынша азаматтар 906-606 телефоны арқылы хабарласа алады. Call-орталығы сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс атқарады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сонымен қатар, осы орталықта тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің, полиция, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім басқармалары, Ақтөбе қаласының әкімдігі өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап беретін болады.

Мұндай шараларды өңір басшылығы ақтөбеліктердің өтініштеріне уақытылы әрекет ету және мемлекеттік органдардың жұмысын жылдам үйлестіру үшін қабылдап отыр.

Айта кетейік, көші-қон қызметі басқармасы шетелдік паспорттарды рәсімдеу бойынша азаматтарды қабылдауды 18 наурыздан бастап тоқтатты. Сонымен қатар, шетелдіктердің тұрақты тіркеу мерзімі аяқталған жағдайда төтенше жағдайда оны 30 күнге ұзартуға болады.


Соңғы жаңалықтар