Ақтөбеде ресейлік нөмірлі көліктерді ұрлап сатқан топ ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көлік ұрлап, сатқан топ анықталды. Олардың алты іске қатысы болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті көлік ұрллығына қатысты кешенді жұмыс жүргізді. Іздеу жұмыстары кезінде көлікті ұрлап, сатып жүрген топ ұсталды. «Екі жігіт түнде көпқабатты үйлердің ауласында тұрған ресейлік маркалы көліктерді айдап әкетіп, оны көршілес Батыс Қазақстанға апарып сатып отырған. Қазіргі кезде олардың алты көлікті ұрлағаны белгілі болып отыр. Барлық іс бойынша Қылмыстық кодекстің «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабымен сот алды тергеу жүріп жатыр», -деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар