Ақтөбеде прокурорлар мүгедектердің құқығын қорғап, заңсыз төлеген салығын қайтарды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық прокуратурасы мүгедектер төлеген салықты кері қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салық кодексі бойынша мүгедектер баж салығынан босатылған. Прокуратура тексеріп, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары бұзылғанын анықтады.
«Мәселен ІІ топ мүгедегі жылжымайтын мүлік рәсімдеп, 60 мың тенге мемлекеттік баж салығын төлеген. Салық кодексінің 622-бабына сәйкес ол мұндай бажды төлеуден босатылған.
Жалпы облыс бойынша қате төленген, есептелген салық сомасы 3 миллион теңгеге жуық. Барлығы 2 154 мүгедектің құқығы бұзылған» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Прокуратура мемлекеттік кірістер органына қате төленген салықты кері қайтаруды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар