Ақтөбеде Президенттік кадр резервіне енген бірнеше маман қызметке тағайындалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

басшысы, Ақтөбе облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ал Президенттік жастар кадр резерві қатарына алынған Адайбек Есенаманов Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол 1990 жылы туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысының қаржы басқармасының нақты секторды қаржыландыру бөлімінің бас маманы болып бастаған. Ақтөбе облысының қаржы басқармасының бөлімдерінде басшылық қызмет атқарды. Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық жоспарлау бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді. Сонымен қатар Президенттік жастар кадр резервіне өткен Әлібек Айдарбеков Ақтөбе облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. 31 жастағы Әлібек Айдарбеков жоғары білімді, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры және магистрі» мамандықтары бойынша бітірген. 2015 жылы Ақтөбе облысының қаржы басқармасының бюджеттің орындалуын үйлестіру және талдау бөлімінің бас маманы болып бастаған. Әр түрлі жылдар бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын талдау, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік кірісті жоспарлау бөлімдерінің басшысы лауазымдарын атқарып келді.

Айта кетейік,«Ақтөбе өңірінен Президенттік жастар кадр резервіне 12 жас маман өтті.


Соңғы жаңалықтар