Ақтөбеде Президент құрдастары мен Нұрсұлтан есімді белсенді оқушылар марапатталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Темір ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған шара өтті. Ауданда Президент құрдастары мен Нұрсұлтан есімді белсінді жастар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Темір ауданының орталығында Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» атты шара өтті. Шараға аудан, ауылдағы белсенді жастар, ардагерлер қатысты.

«Мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясаттағы тиімді реформаларының нәтижесінде ел экономикасы өркендеп, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Дамудың қазақстандық жолы әлем жұртшылығының назарына ілікті. Ал Темір ауданына келер болсам, биыл 10 айда 24 миллиард теңге инвестиция тартылды. Ауданға орталықтандырылған су желісі тартылып, тасжол төсеу, жарықтандыру жұмысы атқарылды. Жас отбасыларға, мамандарға арнап тұрғын үй салынып жатыр. Мектеп, балабақша салынып, 2019 жылдың жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес дене шынықтыру және спорт кешені салынып, ауылішілік жолдар жөнделеді», - деді аудан әкімі Жолдас Қалмағамбетов.

Айта кетейік, мерекелік шара кезінде Елбасы құрдастары мен Нұрсұлтан есімді белсенді балалар, жастар марапатталды. Олардың арасында озат жылқышы, еңбек ардагері Мырзабай Шоматов ел болашағы жастарға табыс тіледі. Ал мектеп оқушысы Нұрсұлтан Нұрекеш атына кір келтірмей, ел сенімін ақтауға уәде етті.
null null 

null null 

Соңғы жаңалықтар