+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Ақтөбеде пойызда билетсіз жүрген 100-ден астам жолаушы анықталды

2019 жылғы 6 желтоқсан 19:12
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде пойызда билетсіз жүрген 100-ден астам жолаушы анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі пойызда рейд өткізді. Билетсіз жүрген 108 жолаушы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл 18 млн теміржол билеті сатылды Футбол: Қазақстан құрамасының Кипр, Бельгиямен матчтарына билет сатыла бастады Сенатор билет тапшылығын ушықтырып отырғандарды жазалауды сұрады

Жобалық кеңсе қызметкерлері мен көліктегі бақылау инспекциясы және желілік полиция бөлімі арнайы рейд ұйымдастырды. Барлығы 13 пойыз тексерілді. Оның 9-ы - республикалық, өзгесі халықаралық бағытта қатынайды.

«108 жолаушыда билет жоқ болып шықты. Оның 93-і ел ішіндегі қалалар мен станцияларда құжатсыз мінген. Сонымен қатар ТМД елдеріне қатынайтын пойызға мінген 13 жолаушының билеті табылмады. 350 келі жүкті рәсімдемеген. Жолаушылар тасымалы, жүк жеткізу ережесін бұзған 50 дерек тіркелді. Барлығына 330 мың теңге айыппұл салынды. Билетсіз жүрген адамдар жолаушылар тасымалы компаниясына билет құнын 10 еселеп қайтарады. Жолсеріктер де жазадан құтылмайды, оларға да айыппұл салынды», - деп хабарлады «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметі.

Рейд «Адал жол» жобасы аясында жүргізілді. Бұл шара алыпсатарлар мен билетсіз жолаушыларды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған. Рейд кезінде вагондардың техникалық жағдайы, төсек-орын назардан тыс қалмады.

«Мобиус» компьютерлік жүйесі арқылы бір адамның бірнеше билет алуына шектеу қойылды. Нәтижесінде алыпсатарлар азайды. Алдағы уақытта теміржол вокзалы қоғамдық бақылауда болады. Егер билет алып, оны қымбат бағаға сатып жүргендер туралы ақпарат білсеңіз, 8 771 518 68 34 нөміріне хабар беріңіз», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Қоғам, Заң, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT