Ақтөбеде полицейлер көше тазалаушыларға гүл сыйлады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық полиция департаментінің қызметкерлері бүгін тазалықшы әйелдерге сыйлық берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін полиция қызметкерлері көшедегі қарды жинап, тазалыққа жауап беретін әйелдерді құттықтады. Олардың кейбірі бұл жұмысқа енді кіріссе, екіншісі өте тәжірибелі.

«Қала тазалығы мен абаттандыру жұмысында жүргеніме біраз жыл болды. Ауа райына қарамастан еңбек ету де оңай емес. Бірақ бала-шаға қамы үшін әйел шаршамайды, барын береді. Мен бүгін гүл сыйлап, сыйлық ұсынған полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Олар да қоғам тыныштығы мен тұрақтылығы үшін барын салып жүр», - деді тазалықшы Наталья Коваленко.


Ақтөбелік тазалықшылар дән риза.

«Тек қызметте жүрген емес, қарапайым қыз-келіншектер де назардан тыс қалмауы тиіс. Қысы-жазы далада жүріп, тазалықты қамтамасыз ететін әйелдерге бүгін алғысымызды білдірдік. Бәрі риза», - деді облыстық ПД бөлім бастығы Еркін Өтегенов.


Соңғы жаңалықтар