Ақтөбеде патрульдік полиция хлор ішіп қойған баланы ауруханаға жеткізуге көмектесті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық Жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері хлор ішіп қойған баланы дереу ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін түсте болды. Полицияның қызметтік автокөлігін «Опель» жүргізушісі басып озып, баласының хлор ішкенін және оны ауруханаға дейін жедел жеткізге көмектесуін сұрады. Жергілікті полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Ермек Шоқанов жолда кедергісіз ілестіріп апарды.

«Автокөліктің қалалық балалар клиникалық ауруханасына дейін жедел жетуіне жағдай жасады. Жол бойы полиция қызметкерлері жүргізушілерге дауыс зорайтқыш арқылы ескерту жасаған болатын. Полиция қызметкерлері 7 минут ішінде көлікті ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер балаға қажетті медициналық ем тағайындады. Кейін батальон командирі өзінің қарамағындағы қызметкерінің баласына көмек көрсеткенін білді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар