Ақтөбеде оқушының өліміне қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде оқушылар төбелесіп, бозбала көз жұмған болатын. Осы оқиғаға қатысты бар тағы бір оқушы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 2019 жылдың 10 қараша күні болды. Оқушылар төбелесі кезінде біреуі көз жұмды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99 -бабы 2-тармағының 1, 7, 9, 14 бөлімдері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Күдікті ретінде колледж студенті ұсталды.

Ал бүгін тергеу сотында күдікке іліккен оқушыны екі айға қамау туралы санкция берілді.

«Бұл тергеу амалдары облыс прокурорының бақылауында. Сондықтан бұл іс бойынша сол жерде болған балалардың барлығы анықталып, олардан жауап алынып, тиісті тергеу амалдары жүргізіледі. Оны сотқа жіберетін боламыз», - деді Ақтөбе қаласы, Алматы аудандық прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Марқұм болған Мадияр Исмағұловтың анасы баласының өліміне кінәлі барлық адамның жазасын алғанын қалайды.

«Соттан әділ шешім күтеміз. Баламнан айырылып қалдым, ал кінәлі адам толық жазасын алауы керек», - деді анасы Гүлмира Исмағұлова.


Соңғы жаңалықтар