+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Ақтөбеде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

2019 жылғы 6 желтоқсан 20:40
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметі Ербол Данағұлов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президенттік кадр резерві: Нұрсұлтан Байтілесов Жоғарғы Сот Аппараты басшысының орынбасары болды Президенттік кадр резервінен Экология министрлігіндегі лауазымға 3 адам тағайындалды Өзбекстан парламенті елдің жаңа премьер-министрін бекітті

Аймақтық саяси кеңес бюросының шешімімен «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Ербол Данағұлов келді . 38 жастағы жаңа басшы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. Еңбек жолын 2002 жылы Шалқар аудандық экономика бөлімінің маманы болып бастаған. Шалқар ауданы әкімдігінің әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің бас маманы, Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі, Шалқар қаласының және Мұғалжар ауданының әкімі болып қызмет атқарған. Осы жылдың шілде айынан бастап бүгінге дейін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Айта кетейік, партияны қайта жаңғырту аясында Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары жаңадан тағайындалған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT