Ақтөбеде нан өндірушілер бағаны өзара келісіммен көтерген болуы мүмкін

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақтөбе облыстық департаменті талдау жасап, нан өндірушілер бағаны өзара келісіммен көтерген болуы мүмкін деген қорытындыға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында нан бағасы қазан айының орта тұсында 2 теңгеге көтерілді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің облыстық департаменті басшысы Сағындық Ерғалиевтің айтуынша, нан өндірушілердің бағаны бірінен соң бірі қымбаттатуы күдік тудырған.

«Сұраныс беріп, деректерді алып, талдау жасалды. Бәсекелестік заңдылықтарын сақтамаған белгілер анықталып тұр. Себебі төрт нан өндіруші қазан айында бірінен соң бірі бағаны көтерді. Әрі ауыл шаруашылығы министрлігі еліміз бойынша нан бағасы қымбаттауы мүмкін деп болжам айтқанда келесі күні нан бағасы өсті. Нан өндірушілерге ескерту берілді. Енді олар бағаны қамбаттатса, оның нақты себебін, негізін түсіндірмесе тергеуге шығамыз. Он күн берілді», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің облыстық департаменті басшысы Сағындық Ерғалиев.

Соңғы жаңалықтар