+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Ақтөбеде мұғалімдерден ақша жинаған мектеп директоры жазаланды

2021 жылғы 16 қыркүйек 20:01
Бөлісіңіз:
Ақтөбеде мұғалімдерден ақша жинаған мектеп директоры жазаланды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде мектеп директорының ақша жинағанын, қаржыны шыбын-шіркейден қорғайтын тор сатып алуға сұралғанын айтып, арыз түсіргендердің ісі қаралды. Директордың міндетін атқарушы жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жаңа оқу жылы басталғалы алдын-алу жұмысын күшейтті. Қазіргі кезде облыстағы білім беру мекемелерінде түрлі кездесу өтіп жатыр. Басқосу аудандық білім бөлімдерінде де өтті. Оған мектеп директорлары да қатысты. Сонымен бірге Ақтөбе қаласында да кездесу ұйымдастырылды. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері заңнамаларды түсіндіріп, жемқорлықтың алдын-алуға бақытталған жұмыс жайын баяндады.

«Биыл білім беру саласына қатысты 75 қылмыстық іс тіркелді. Көбі парақорлық пен мемлекет мүлкін талан-таражға салуға қатысты болды. 1424 Call орталығына мұғалімдерден және ана-анадан заңсыз ақша жинауға қатысты хабарламалар да түсіп жатыр. Көбі мектеп қажеттілігі үшін ақша жинайтынын айтады. Таяуда бір аудандағы мектеп директорының міндетін атқарушы мұғалімдерден 600 мың теңге ақша жинап алғаны туралы хабарлама түсті. Тексеруден соң ақшаның білім беру ұйымына, нақтыласақ, шыбын-шіркейден қорғайтын торға бағытталғаны анықталды. Директордың міндетін атқарушы тәртіптік жазаға тартылды», - деп хабарлады облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT