Ақтөбеде мектеп бітіретін сынып оқушылары дәстүрлі оқу форматына көшті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 9 және 11-сынып оқушылары дәстүрлі оқу форматына көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында барлығы 400-ден астам мектеп бар. Онда 160 мыңға жуық бала білім алып жүр. Өткен II тоқсанда оқушы саны 300-ден аспайтын 226 мектеп мектеп штаттық режимде жұмыс істеді. Ондағы оқушылар контингенті - 19 263. 1-4-сыныптарда ата-аналардың өтініштері бойынша 3442 кезекші сынып ашылды. Онда 44 мыңнан астам оқушы білім алды. Ал 5-сыныптарда 185 кезекші сынып жұмыс істеп, 2 243 бала оқыды. Ал бүгіннен бастап 9 және 11 сынып оқушылары аралас форматта оқиды.

«Математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия, тарих және т.б. пәндер мектепте оқытылады. Яғни, барлық пәннің 70% штаттық форматта өтеді. Мектептерде икемді сабақ кестесі жасалып, сабақ арасындағы үзіліс әртүрлі уақытта ұйымдастырылды. Сондай-ақ әлеуметтік арақашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтіліп, пәндердің 30 пайызы қашықтан оқытылады. Облысымыздың 13 мыңнан астам оқушысы штаттық форматқа ауысты. Оның ішінде 8 мыңнан астамы 9-сынып, 5 мыңнан астамы 11-сынып оқушысы. Мұғалімдер мен ата-аналардың пікірін ескере отырып, дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларға жеке консультация өткізіледі. Консультациялық сабақтарды өткізу үшін арнайы топ құрылады. Ондағы оқушы саны бестен аспайды», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.


Соңғы жаңалықтар