Ақтөбеде лаңкестермен қақтығыста қаза тапқандарға арналған «Мәңгілік сапта» тақтасы ашылды

None
None
  АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі Ұлттық ұланның №6655 әскери бөлімінде «Мәңгілік сапта» естелік тақтасы ашылды. Тақтада лаңкестермен күресте қаза болғандардың суреті мен олардың ерлігі жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімінде өткен жылдың 5 маусымы күні қаза болғандарды еске алу, ерлікке тағзым ету жиыны өтті. Әскери қызметкерлердің ерлігі мен рухына тағзым ету шарасына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұхамметқали Сатов қатысты. Сонымен қатар, қаза болған майор Даниэль Майлыбаев, сержант Берік Қалиев пен қатардағы жауынгер Досбол Сапаровтың ата-аналары, бауырлары қатысты.

2

«Бір жыл бұрын кенеттен қайғылы оқиға болды. Сол оқиға кезінде ақтөбеліктердің тыныштығы, қауіпсіздігі үшін біздің әскери қызметкерлер өз өмірлерін қиды. Әрине, ол кез біз үшін оңай болған жоқ. Құқық қорғау қызметкерлері жұмысының нәтижесінде тиісті шара қолданылып, олар жазаларын алды. Міндетіміз - сол оқиғаның қайталануына жол бермеу. Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар жүргізілді, жүре береді. Ерлік көрсеткен әскери азаматтарды ешқашан ұмытпайыз», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

3

Еске алу шарасы кезінде жиналғандар мемориалдық тақтаға гүл қойып, бір минут үнсіздік жарияланды.

«Бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, қорғау керек. Бір жыл бұрын 17 терроршы әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Сол кезде оларға қарсы тұрған майор Майлыбаев, жауынгер Досбол Сапар, сержант Берік Қалиев пен әскери азаматтар еді. Олар кімдер? Олар қазақ батырларының ұрпақтары. Олар халықтың, елдің алдында әскери міндетін орындағандар. Рахмет айтамыз. Отанды, елді, жерді қазір де қорғауымыз керек. Батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз, олар бізде мәңгілік сапта тұрады», - деді ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұхамметқали Сатов. 

Соңғы жаңалықтар