Ақтөбеде қыз бен жігіт жоғары қабаттан секіріп, мерт болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 17 жастағы қыз бен 18 жастағы жігіт жоғары қабаттан секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 қараша күні Ақтөбе қалалық Полиция басқармасы Жедел басқару орталығына қала тұрғыны хабарласып, қызының жоғалып кеткенін айтқан. Ал 22 қарашада сағат 7:00-де қаладағы 11-ықшамауданда орналасқан №112 «В» үйінің ауласынан екі жас адамның мүрдесі табылған. Тексеру кезінде оның бірі жоғалған 17 жастағы қыз және оның 18 жастағы досы екендігі анықталды. Қыз бен жігіт 25 қабатты үй кіреберісінің балконынан секірген.

«Полиция қызметкерлері қаза болғандардың жеке заттарын тәркіледі. Өз-өзіне қол салу фактісінің себебін анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Аталған факті Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тіркелді», - деп хабарлады облыстық Полиция дщепартаментінің баспасөз қызметінен.

«Құрбы-құрдастары немесе ата-аналары арасында болатын жанжал, болашақ үшін қорқыныш және жалғыздық сезімі қайғылы жағдайға себеп болып жатады. Ата-аналар бала бойындағы өзгеріске бірден назар аударуы керек. Өзара әңгімелесіп, сөйлесу, мәселелерді талқылау, оларды шешуге үйрету, баланың өмірге құштарлығын оятуы тиіс. Егер сіздің қолыңыздан келмесе, мамандардан көмек сұрауға қымсынбаңыз», - деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.


Соңғы жаңалықтар